Тұяқбаев Марат Қымызұлы

  • Тұяқбаев Марат Қымызұлы

    Музей саласында 30 жылға жуық еңбек етіп, мұражай ісін дамытуда ерен еңбектер атқарған. Марат Қымызұлы Түркістан, Отырар, Сауран қалаларының ескі орындарына Алматы қаласындағы «Археология және этнография» институтының мамандарымен бірлесе отырып, бірнеше археологиялық экспедициялар жасаған. Түркістан оазисіндегі бірнеше тарихи нысандарға археологиялық жұмыс жасауда басшылық жасап, музей қорын көптеген экспонаттармен толықтырды. 2000 жылы Түркістаннның 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында қорық аумағынан «Археология және этнография» және «Түркістан тарихы» музейлерінің эскиздерін жасап, мұражайлардың ашылуына ерен еңбек атқарды.
    Тарих ғылымдарының кандитаты Тұяқбаев Марат Кымызұлының 115 аса ғылыми мақалалары және буклеттері, 5 монография және 2 ғылыми-насихат кітабы бар.