Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб «Қуаныш» ЖШС ұжымымен кездесті

Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласындағы «Қуаныш» ЖШС ұжымымен кездесіп, кездесуге жалпы 50 адам қатысты.
Кездесу барысында Қ.Балабиев референдумның маңыздылығын айтып, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, «Қуаныш» ЖШС ұжымы Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді толықтай қолдайтындықтарын және референдумға қатысатындықтарын жеткізді.