Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында халықпен кездесті

Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында халықпен кездесті.
Халыққа қызмет көрсету орталығының 2 залында бөлек-бөлек өткізілген кездесуге 20 адамнан жалпы 40 адам қатысты. Оларға референдумның маңыздылығы айтылып, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ, Қ.Балабиев және Ө.Мелдеханов халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құжаттарын рәсімдеуге келген азаматтармен жекелей сұхбаттасып, Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, тұрғындардың 90% Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің көңілдерінен шығып жатқандығын айтып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.
Шын мәнінде халық осы конституциялық реформадан көп үміт күтеді. Көпшілік қауым саяси ұстынымызды оңтайландыру жолымен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жағдай жасалатындығына мол сенім артуда.