Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағасы Экобазар саудагерлерімен кездесті

Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Түркістан қаласындағы Экобазардың саудагерлерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты Республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы, атап айтқанда, Конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіру және Конституциялық реформаларды қолдауға шакыру.
Осы орайда, кездесуде Қ.Балабиев Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясының Референдум өткізуден бастау алуы – тарихи оқиға екендігін айта отырып, Конституциялық реформаның басты бағыттары мен оның мән-маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ, осындай тағдыршешті уақытта ел Президентінің жанына топтасып, Жаңа Қазақстан, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.