Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері жастармен кездесті

Республикалық кәсіподақ федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов түркістандық жастармен кездесті. Кездесу барысында жастар өздерінің көкейдегі сұрақтарын ашық қойып, Конституцияға енгізетін өзгерістер жайында пікір-талас өрбітті.
Нұрлан Өтешов 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын, жастардың ел дамуына қосар сүбелі үлесін сөз етіп, жастармен емін-еркін сұхбат жүргізді.
Ол жастардың ойын тыңдап, Түркістан облысы жастарының белсенділігі мен ашықтығына оң бағасын берді.
Атап өтейік, бүгін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб және өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізу мақсатында Түркістанға келіп, мәслихат хатшылары, депутаттар, ардагерлер мен қоғамдық келісім мүшелерімен кездескен болатын.
Сондай-ақ штаб мүшелері кәсіпкерлермен де бас қосып, еліміздегі бизнес саласының дамуы жайында талқылау өткізді.