Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағасы мәдениет саласының мамандарымен кездесті

Бүгін, Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық мәслихат депутаты Н.Давлетяров еліміздегі кино және музыкалық жобалардың продюсері Жан Мұқановпен және оның әріптестерімен кездесіп, сұхбаттасты.
Облыстық штаб төрағасы Қ.Балабиев еліміздегі саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар, мәдениет саласының мамандарын 5 маусым күні өтетін референдумға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.