Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб Түркістан облысының халқымен кездесті

Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және «AMANAT” партиясы жанындағы штаб төрағасы, партияның Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Б.Шойбеков Түркістан облысының халқымен кездесті.
Облыстық штаб төрағасы Қ.Балабиев және облыстық мәслихат депутаттары облыс тұрғындарына Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, 5 маусым күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, тұрғындар Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің көңілдерінен шығып жатқандығын айтып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.