Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен және орталыққа келген халықпен кездесті

5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб өңір көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде.
Осы мақсатта Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымымен және сондағы халықпен жалпы, 150-ге жуық адаммен кездесті.
Қ.Балабиев және Ө.Мелдеханов облыс тұрғындарына Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, жиынға қатысушылар референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.