Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб Түркістан қаласының халқымен кездесті

Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласының халқымен кездесті. Жиынға жалпы 100-ге жуық адам қатысты.
Қ.Балабиев және Ө.Мелдеханов қала тұрғындарына Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, 5 маусым күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, тұрғындар Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің көңілдерінен шығып жатқандығын айтып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.