Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб «Ақ Жол» ЖШС ұжымымен кездесті

Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев Түркістан қаласындағы «Ақ Жол» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесуде еліміздегі саяси науқанның маңыздылығын және Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Осы орайда, кездесуде Қ.Балабиев Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясының Референдум өткізуден бастау алуы – тарихи оқиға екендігін айта отырып, Конституциялық реформаның басты бағыттары мен оның мән-маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, осындай тағдыршешті уақытта ел Президентінің жанына топтасып, Жаңа Қазақстан, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.