Референдумға қолдау көрсету мақсатында «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» атты акциясы өтті

Бүгін, Түркістан қаласында Референдумға қолдау көрсету мақсатында «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» атты акциясы өтті.
Акцияға Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және штаб мүшелері, сонымен қатар, облыстық «AMANAT» партиясы филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері мен партия жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғам белсенділері, қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев ақцияға қатысушы 800-ге жуық адамға Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың бағыттары мен тұжырымдамалық негіздерін түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап бере отырып, Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Бұл орайда, акцияға қатысушылар еліміздегі орын алғалы отырған өзгерістерді қолдайтындықтарын және референдумға қатысатындықтарын жеткізді.
Одан бөлек, аталған акция аясында тұрғындарға бұқаралық спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.