Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб «Жолаушы ЖШС» ұжымымен кездесті

Конституциялық реформа – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына жасалып отырған бетбұрыс, қоғамда демократия қағидаттарын орнықтыруға жасалған қарымды қадам.
Жалпы Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулар, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне көшуге, мемлекеттік билік функцияларын монополиясыздандыруға, халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуын кеңейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.
Осы мақсатта, Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласында орналасқан «Жолаушы» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесуге 50-ге жуық адам қатысты.
Кездесу барысында білім саласының қызметкерлеріне Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері және референдумның мән-маңызы түсіндірілді. Өз кезегінде, жиынға қатысушылар референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алды.
Жиын соңында, Қ.Балабиев және Ө.Мелдеханов Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.