Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб медицина қызметкерлерімен кездесті

5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб өңір көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде.
Осы мақсатта Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласында орналасқан «Талғат клиникасы» ұжымымен кездесті. Кездесуге 100-ден астам адам қатысты.
Кездесу барысында клиника қызметкерлеріне Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері және референдумның мән-маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қ.Балабиев және Ө.Мелдеханов Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, жиынға қатысқан медицина қызметкерлері республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.