Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб кәсіпкерлермен кездесті

5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб өңір көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде.
Осы мақсатта Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласы, «Қуаныш» базарындағы кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге референдумның маңыздылығы айтылып, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қ.Балабиев Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, жиынға қатысқан кәсіп иелері республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.