Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы

2022 жылғы 06 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті 15-ші сессия өтті.

Сессияның күн тәртібінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, шешім қабылданды.

Аталған мәселе бойынша сарапшылық комиссияның дербес құрамына  Естемесов Берік Сайрамбайұлы – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңірлік геология департаментінің Түркістан өңірлік геологиялық инспекциясының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары болып, Айтқұлов Бекжан Бақтыбекұлы – Түркістан облыстық мәслихатының  депутаты, комиссия мүшесі болып енгізілді.

Сарапшылық комиссияның дербес құрамынан Т.А.Жұмабеков, Б.П.Альчабаев, М.М. Садықов шығарылды.