Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы кезекті он бірінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның дербес құрамына:

Қайыпбек

Қанат Әбдіразақұлы

Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы;

Тұрғамбаев

Руслан Елубайұлы

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

Темірбаева

Асия Құралқызы 

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

Тұрашбеков

Нұрбол Абсаттарұлы

 

Түркістан қаласының әкімі, комиссия мүшесі

болып енгізілді.

Комиссияның дербес құрамынан Н.К.Нұрашев, Р.А.Аюпов,  А.А.Абдуллаев шығарылды.