Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы

2021 жылғы 4 ақпанда онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясында кадрлық өзгерістерге байланысты, Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Нәтижесінде аталған комиссия құрамына:

Әшімов Асқат Бейсенбайұлы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін тарату бағыты бойынша білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары, Президенттік жастар кадрлық резервінің резервшісі, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
 Жолдықараев Қанат Жарылқапұлы Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;
 Пашимов Марат Орынбасарұлы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы,  комиссия мүшесі

болып енгізілді.

Комиссияның дербес құрамынан М.К.Егізбаев, П.Н.Қырықбаев, З.С.Чалданов шығарылды.