Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 наурыздағы кезекті он төртінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі  №42/447-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, аталған шешіммен бектілген комиссияның дербес құрамына:

 

Өсербаев  Аңсар Жаңабайұлы

 

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы, комиссия мүшесі

болып енгізілді;

комиссияның дербес құрамынан Д.Д.Жүнісов шығарылды.