Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілді

2021 жылғы 12 қазанда Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, аталған шешіммен бекітілген комиссияның дербес құрамына:

 

Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы

Түркістан облысының  қоғамдық даму басқармасының басшысы;

Расұл Самат Әбдімүтәліұлы

Түркістан облысы әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы;

Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы

 

Түркістан облысының  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры комиссия мүшелері болып енгізілді.

 

Комиссияның дербес құрамынан Б.А.Әшірбеков, Д.Д.Жүнісов А.Д.Өміртай, А.М.Тоғызбаев шығарылды.