Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы кезекті жетінші сессиясында «Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының

2020 жылғы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы» мәселе қаралып, нәтижесі бойынша депутаттар облыстық құрылыс басқармасына:

 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу барысындағы жұмыстардың қарқынын төмендетпеу;

аудан қалаларда жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында бөлінген жер аумақтарында инфрақұрылыс жұмыс жобаларын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асырылуын қамтамасыз ету;

Түркістан облысында Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында  тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамту үлесі 2022 жылға дейін 95% дейін арттыруды қамтамасыз ету;

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына:

бюджет есебінен жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарында құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау жұмыстарын күшейту;

құрылыс барысында қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасының құрылыс нормаларына сәйкестігін қатаң бақылауда ұстау ұсынылды.