Түркістан облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу бойынша  отырыс

2022 жылғы 10 қаңтарда  Түркістан облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу бойынша  отырыс өтті. Отырысты облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізіп отырды.

Жиынға Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттар және байқаушылар қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

  1. Түркістан облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу.
  2. Жұмыс тобының басшысын сайлау.

Күн тәртібіндегі мәселелер Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ережеге» сәйкес ашық дауыс беру арқылы қатысушы азаматтардың көпшілік дауысымен анықталды.

Нәтижесінде облыстық мәслихат хатшысының 2022 жылғы 10 қаңтардағы №1ө-н/қ өкімімен Түркістан облысының  Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы төмендегідей болып бекітілді.

 

Түркістан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі

 жұмыс тобынының құрамы

 

Андабаева Гүлсім Бақытбекқызы

«Қасиет» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы, жұмыс тобының басшысы;

Шөкетаева Аида Егізбайқызы

Түркістан облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторы, жұмыс тобының хатшысы;

Жұмыс тобының мүшелері:              

Атаева Насиба Сабыржанқызы

«Яссы Құрылыс» ЖШС азық-түлік базасының директоры;

Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлы

Қазақстан Республикасы «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы;

Ниязова Гүлнәр Жолаушықызы

«ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;

Сариев Дәурен Нұрланұлы

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары;

Сәрсенбеков Жақсыбек Абдетұлы

«Арыс» тұтынушылар кооперативінің төрағасы.