Түркістан облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2022 жылғы 9 ақпанда  Түркістан облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысты Түркістан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Андабаева Гүлсім Бақытбекқызы жүргізіп отырды.

Жиынға Түркістан облысы Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидаттар және азаматтық сектор өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ережеге» сәйкес Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі құрамын қалыптастыру жөніндегі мәселелер пысықталды.