Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы

11 қазан 2021 жылы Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің  кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің  жұмысын кеңес төрағасы  Ш.Жамалбек жүргізді.

Отырыстың күн тәртібінде  8  мәселе қаралды.  Оның ішінде: «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің заңдылықты қамтамасыз ету және адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша ағымдағы жылы атқарылған жұмыстары туралы» есебі; «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы туралы» есебі; «Түркістан облысында короновирус инфекциясына қарсы вакцина егу  жұмыстарының барысы туралы» есебі; «Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші–қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы»  Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/194-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облысы мәслихатының шешім жобасы;  «Түркістан облысы Түркістан қаласының және Сауран ауданының шекарасын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы;  «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 90 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы            24 ақпандағы №2/16-V «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы; «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы №11/127-ІІ «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Х.Кушкалиев өз баяндамасында жыл басынан бері облыста сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша 200-ден астам қызметкердің ісі тексеріліп-тергеліп жатқанын, 3 аудан деңгейінде қызмет атқарған  7 қызметкер сотталғанын, департамент өкілдері өңір экономикасының барлық саласын бақылауға алып отырғандарын, сыртқы талдау бағыты бойынша 8 басқармаға 122 ұсыныс енгізіліп, соның 82 ұсынысы орындалғанын, сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жобалардың, соның ішінде «Antikor.LIVE», «ADAL.KOMEK» жобаларының жұмыс істеу барысында          1 млн. жуық азаматтардың өтініштері қаралғанын атап өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыға сұрақтарын беріп, халықпен тығыз байланыста болуын,  қоғамдық кеңес мүшелерімен жылына 2 рет кездесіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, сыбайлас жемқорлықпен күресу, заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында бірге жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды.

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелерді Қоғамдық кеңес мүшелері жан-жақты талқылап  қарап, тиісті шешім қабылдады.