Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы

12 қазан 2021 жылы Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оның жұмысына Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері мен мәслихат хатшылары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің  жұмысын кеңес төрағасы  Ш.Жамалбек жүргізді.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар: «Түркістан облысының 2021 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің есебі»; «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы.

Облыс әкімі өз баяндамасында 2021 жылдың 8 айында облыстың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң сипатқа ие болып отырғанын, экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдың I тоқсанында 552,1 млрд.теңгені, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +3,9%-ды құрағанын, өнеркәсіп өнімінің көлемі 407,7 млрд.теңгені немесе НКИ 102,3% құрап, қазіргі таңда, облыста 9 индустриалдық аймақта 37,1 млрд.теңгеге 4 293 жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 59 жоба жүзеге асырылып жатқанын, оның ішінде, құны 27,8 млрд.теңге болатын 37 жоба іске қосылып, 1 572 жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Сондай-ақ, кәсіпкерлік саласында да біршама ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатқанын, соның ішінде, антикризистік шара ретінде кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда 41,7 млрд. теңгеге 307 жоба мақұлданып, жобалар саны бойынша облысымыз республикада көшбасында тұрғанына назар аударды.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бюджеті 2,9 есеге артып  11,2 млрд. теңгеге жеткен.

Бағдарлама шеңберінде 2 мыңға жуық жоба қаржылай қолдау алған, атап айтқанда, 1 мыңға жуық кәсіпкер 27,3 млрд. теңгеге 6%-дық несиемен қамтамасыз етілсе, 900-ден астам кәсіпкерлерге мемлекеттік кепілдендіру арқылы кепілсіз несиелер берілген.

Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, шағын және орта бизнесті жергілікті деңгейде қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылып жатқанын, соның арқасында өңірлік Атамекенмен бірлесе ірі кәсіпкерлердің көмегімен «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы аясында құны 76 млн. теңге болатын 16 потенциалды жоба инвестициялануда, «Атамекен – Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылып, «Бизнес Бастау» түлектерінен 150-ге жуық өтінім қабылданып, оның 21-і мақұлданған,  «Керуен Сарай» кешенінде және «Эко Базар» алаңында жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 4%-бен несиелеуді көздейтін «Yassy Business» бағдарламасы іске қосылған.

 

«Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі бойынша Республикада өңірлер арасында облысымыз 1 орында.

Облыста бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде  321,7 млрд.теңге инвестиция бағытталған.

Түркістан облысының ағымдағы жылдың 6 айында сыртқы сауда айналымы 633,8 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 351,9 млн. АҚШ долларын, импорт – 281,9 млн. АҚШ долларын құраған.

Ауыл шаруашылығында 405,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдан 51,5 млдр. теңгеге артқан.

Туризм бойынша облыс орталығына «бір күндік келушілер» саны 1,1 млн. адамды құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6 есе артқан.

Денсаулық сақтау саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Қәзіргі уақытта, облысымыз Коронавирустық инфекциямен аурушаңдығының көрсеткіші бойынша жасыл аймақта.

Ақпан айынан бастап, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның 836,6 мың дозасы жеткізілген, жалпы 141 егу пункттерінде І компонентпен – 810,8 мың адам, ІІ компонентпен – 633,5 мың адам егілген.

Облыс аумағында аурудың алдын алу мақасатында 300 карантиндік және 2 020 жұқпалы ауруларға арналған төсек орындармен қамтамасыз етілген.

Түркістан қаласында құны 7,7 млрд.теңге құрайтын  200 төсек-орынға арналған тез құрылатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға тапсырылып, 188,2 млрд.теңгеге 570 төсек-орынға арналған «ATM TURKISTAN HOSPITAL» көпсалалы аурухананың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша 54 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде, нәтижесінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі.

Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынуда.

Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 905 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Бүгінде 400 мектептің бейнебақылау жүйесі полиция департаментімен интеграцияланып қосылған және 232-і жыл соңына дейін іске асырылатын болады.

Облыстағы барлық білім мекемелерінде «Ashyq» бағдарламасы орнатылды. Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Елімізде 2021 жыл – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің          30 жылдығы» деп жариялануына орай, тәуелсіз елде туылған талантты, кәсіпкер жастарға арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылған.

Облыста мемлекеттік және салалық бағдарлама шеңберінде жыл басынан 38,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, нәтижесінде  жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмыссыздығы 3,7% құраған.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 56 086 адам қатысып, 27 адам шағын несие, 3 182 адам мемлекеттік грант, 21 439 адам бос және жаңа, 27 015 адам уақытша жұмыс орындарына жолданған

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделін іске асыру мақсатында, Түркістан облысында 46 мың отбасыға 20,9 млрд.теңге қарастырылған, аз қамтамасыз етілген 38,9 мың отбасыға 9,3 млрд.теңге қаржы тағайындалған.

Облыста мәдениет саласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл және Түкістан облысы құрылғанына 3 жыл толуына орай көптеген іс-шаралар кең көлемде аталып өтілуде.

Кәзіргі таңда, облыста 58 спорт түрлері дамытылуда. Облысымыздың спорт саласына көрсетіліп жатқан қолдау өз жемісін беруде.

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 нысанның құрылысына 12,7 млрд. теңге қарастырылып, қамту деңгейі 93,3% құрайды немесе 710 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Табиғи газбен қамтамамасыз ету мақсатында  92 табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге 14,4 млрд. теңге бөлініп, жылдың қорытындысымен                  13 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде, нәтижесінде 444 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарлануда.

Электрмен жабдықтау саласы бойынша 58 нысанның құрылысына 9,1 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 16 елді мекен жарықпен қамтылады.

Көлік инфрақұрылымы саласы бойынша автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 35,2 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 621 нысан немесе 1,7 мың шқ. жолдар мен көшелер қамтылған

Облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 148,1 млрд. теңгені құрап, +23,9%-ға артты. 363,6 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген.

2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 118 нысанның құрылысына 47,3 млрд.теңге бөлінген.

Облыс орталығы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жөніндегі жұмыстың 1-кезеңі аяқталып жатқанын, жалпы 445 млрд. теңгеге 257 жаңа нысан салынды, оның ішінде жаңа халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтар, Б.Саттарханов даңғылы қайта жаңартылып, еркін экономикалық және индустриалды аймақтар құрылып, Түркістан қаласы толық газдандырылып, қаланың айналасында 13 мың гектарға жасыл белдеу құрылып, 3,5 млн. ағаш отырғызылған.

Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітіліп, жобаға 145 іс-шара енгізілген.

Кешенді жоспар аясында мұнай өңдеу зауыты, химия кешені, тұрмыстық техника шығаратын зауыт салынады және Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жоспарлануда.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жалпы құқық бұзушылықтың саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға азайып, облыста 502 388 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 1 385 қылмыс ашылған.

Коғамдық кеңестің мүшелері облыс әкіміне сұрақтарын беріп, өз тараптарынан облыста, соның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың көп екенін, олардың уақытылы, дер кезінде орындалуына  баса назар аударып, өз бақылауына алып отырғанын атап өтті.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Жамалбекұлы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында көптеген міндеттердің, тапсырмалардың  тұрғанын, соны бірлесіп отырып жұмыс жүргізу керек екенін, облыс тұрғындарының облыс әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына үлкен баға беретінін атап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы туралы мәселе бойынша Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек өз баяндамасында 2021 жылғы облыстық бюджеттің көлемі жалпы 20,0 млрд. теңгеге ұлғайту есебінен 1 106,7 млрд. теңгені құрағанын айтып өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселені қарап, келісімін берді.