Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тындалды

2021 жылғы 12 қазанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясында Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тындалып, назарға алынып, цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының жұмысы атап өтілді. Аталған мәселені қарау нәтижесінде шешім қабалданып, ол жерде Түркістан облысының тиісті басқармаларына, қала және аудан әкімдіктеріне:

«250+» жобасы аясында қалған 22 ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Кселл» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, жыл соңына дейін іске қосу жұмыстарын жүргізу;

облыстың аудандары мен қалаларындағы табиғи монополия субъектілерімен берілетін техникалық шарттарды ұсынуды «Техникалық шарттар» порталы арқылы толық электрондық форматқа көшіру;

«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы  және «Оңтүстік Жарық» акционерлік қоғамы «Техникалық шарттар» порталымен жұмыс істеу бойынша тиісті жұмыстарды үйлестіру;

«Ақылды қала» эталондық стандартына сәйкес энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша электр, жылу энергиясы, газ және су бойынша көрсеткіштерді қашықтықтан беру есептегіш аспаптармен жабдықтау, пәтер иелерінің қызмет көрсету ұйымдарымен (ПИК) өзара іс-қимылына арналған жүйе, инженерлік желілер мониторингі жүйесі (электр, су, жылу және газбен жабдықтау, кәріз және нөсер су жүйесі) және көше жарығын басқару бойынша ақпараттық жүйелер әзірлеу бойынша шаралар қабылдау;

көлік саласы бойынша қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі, автобустар терминалдарын GPS құралдарымен жабдықталған қоғамдық көлікті диспетчерлеу, жол қозғалысын және бағдаршамдарды басқару жүйесі және тұрақ кеңістігін басқаруға арналған жүйелер мен мобильдік қосымшалар әзірлеу бойынша шаралар қабылдау;

«ҚазақТелеком» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, Түркістан қаласына 5G мобильді интернетін енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізу;

Түркістан қаласынан «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа типтік ғимарат салу бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінен ұсыныстар берілді.