Түркістан облысы Түркістан қаласының және Сауран ауданының шекарасын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы кезекті он бірінші сессиясында «Түркістан облысы Түркістан қаласының және Сауран ауданының шекарасын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы» мәселе қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша Түркістан облысы Түркістан қаласының шекарасына (шегіне) Сауран ауданының жалпы көлемі 4831,86 гектар жерлерін қосу жолымен және Сауран ауданының шекарасына (шегіне) Түркістан қаласының жалпы көлемі 4716,29 гектар жерлерін қосу жолымен өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметіне келісуге енгізу туралы шешім қабылданды.