Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы кезекті жетінші сессиясында «Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» мәселе қаралып, нәтижесі бойынша Сарыағаш ауданының әкімшілік шекарасы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округінен берілетін 288,33 гектар жерлерді және Бағыс елді мекенінен берілетін 708,8 гектар жерлерді Ақжар ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен,  Хиебон елді мекенінен берілетін 45,62 гектар жерлерді Құркелес ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен, сонымен қатар Қазығұрт ауданының әкімшілік шекарасы Бағыс елді мекенінен берілетін 41,2 гектар жерлерді Қақпақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен шекаралары өзгертілді.