Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы кезекті он бірінші сессиясында «Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» мәселе қаралды. Қарау нәтижесі бойынша Сарыағаш ауданының шекарасы:

1) Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округінен берілетін 288,33 гектар жерлерді және Бағыс елді мекенінен берілетін 708,8 гектар жерлерді Ақжар ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен;

2) Хиебон елді мекенінен берілетін 45,62 гектар жерлерді Құркелес ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен өзгертілді.

Қазығұрт ауданының шекарасы Бағыс елді мекенінен берілетін 41,2 гектар жерлерді Қақпақ ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен өзгертілді.