Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы кезекті үшінші сессиясында «Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша  атқарған жұмыстары туралы» мәселе қаралып, нәтижесі бойынша депутаттар Түркістан облысы полиция департаментінің бастығына, облыс әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес: 

Түркістан қаласына көшіп келген Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі;

Түркістан қаласы мен Жетісай, Сайрам, Мақтаарал аудандарында уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарын және Түркістан қаласы мен Сайрам, Сарыағаш аудандарында оңалту орталықтарын ашу;

жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және панасыз қалудан қорғау мақсатында жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарын Түркістан қаласы мен Сайрам, Сарыағаш, Жетісай аудандарында ашу;

Түркістан қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған кризистік орталық ашу;

Түркістан облысында қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан әскери бөлімін ашу;

бұрын сотты болғандар және  кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың алдын алу мақсатында жекелеген мақсатты іс-шаралар ұйымдастыру;

Түркістан облысы полиция департаменті учаскелік пункттерінің жұмысын реттеу мен жетілдіру мақсатында, учаскелік полиция инспекторларының өз жұмыс орындарында болуын қатаң бақылауға алу;

арнайы белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасауды болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік нарядтың аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп жүйелі жұмыс жасауы;

Келес, Төлеби ауданындарында мал ұрлығының көбеюіне  байланысты, мал ұрлығына қарсы арнайы топтар ұйымдастыру;

Түркістан облысында орналасқан орта арнаулы білім беру мекемелері оқушыларының арасында қаржы бопсалаудың, тонаудың, дене жарақаттарын салудың, қала көшелеріндегі қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру, мектеп инспекторлары мен учаскелік полиция инспекторларының жұмысын күшейту және үйлестіру туралы ұсыныс енгізілді.