Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және cауран ауданының шекарасын белгілеу туралы

2021 жылғы 11 маусымда өткен жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясында Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және Сауран ауданының шекарасын белгілеу туралы мәселе қаралып, шешім қабылданды.

Нәтижесінде, Кентау қаласының шекарасы оның шекарасынан  жалпы көлемі 721745,0 гектар Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жерлері және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жерлер шығарыла отырып өзгертілді.

Сауран ауданының шекарасы оның шекарасына Кентау қаласының шекарасынан берілетін жалпы көлемі 721745,0 гектар Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жерлерін және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жерлерді қосу жолымен өзгертілді.