Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы кезекті үшінші сессиясында «Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» мәселе қаралып, нәтижесі бойынша Түркістан облысы Келес ауданының келесі ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілді:

– Абай ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен 139,7 гектар және Біртілек ауылдық округінен 890,35 гектар жалпы көлемі 1030,06 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Ақтөбе ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бірлік ауылдық округінен 4519,09 гектар және Бірлесу ауылдық округінен 20,86 гектар жалпы көлемі 4539,95 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Бірлесу ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ақтөбе ауылдық округінен жалпы көлемі 80,92 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Бірлік ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ошақты ауылдық округінен 196,70 гектар және Жамбыл ауылдық округінен 1616,58 гектар жалпы көлемі 1813,28 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Біртілек ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ошақты ауылдық округінен жалпы көлемі 284,07 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Бозай ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Жамбыл ауылдық округінен жалпы көлемі 762,25 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Қошқарата ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Біртілек ауылдық округінен 61,93 гектар және Бірлік ауылдық округінен 480,7 гектар жалпы көлемі 542,63 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Жүзімдік ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен жалпы көлемі 21,64 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Ошақты ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бірлік ауылдық округінен 561,71 гектар, Біртілек ауылдық округінен 3977,71 гектар және Қошқарата ауылдық округінен 489,27 гектар жалпы көлемі 8028,69 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

– Ұшқын ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен жалпы көлемі 130,13 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен.