Түркістан облысының әкімі Ө.Е. Шөкеевтің 2020 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі

2021 жылғы 19 ақпан күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің 2020 жылғы атқарылған жұмыстар туралы халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.

Кездесуді модератор ретінде облыстық маслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы жүргізіп отырды.

Пандемияға байланысты есептік кездесу онлайн форматта, карантин талаптарына сай ұйымдастырылды.

Ел алдындағы есептік кездесуінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді кеңінен баяндады. Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. 

Өңір басшысы өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс пен әлеуметтік салаларға, туризм, инфрақұрылымды дамыту мен Түркістан қаласының дамуы туралы атқарылған жұмыстарды баяндады.

 «Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, Түркістан қаласының көркеюіне бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев есептік кездесуінде.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптарын алды.