Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы кезектен тыс екінші сессиясында «Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» мәселе қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасқан оның құрамына Кентау қаласының аумағынан Шаға, Жаңа-Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін қосу жолымен – Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігін құру туралы ұсыныс енгізілсін деген бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданды.

Жалпы, құрылатын жаңа ауданның аумағы 649800 га құрап, құрамына 102,9 мың халқымен 12 ауылдық округ, 35 елді мекен енгізілетін болады.