«Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы

2022 жылғы 06 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті 15-ші сессия өтті.

Сессияның күн тәртібінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VІ «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, шешім қабылданды.

Аталған мәселе бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамына  Сәбитов Арман Сәбитұлы – Түркістан облысы әкімінің орынбасары, кеңес  төрағасы болып және Бегалиева Шолпан Маратқызын – «Turkistan Bolashaq qimnaziiasy»  жауапкершілігі шектеулі серктестігінің директоры,  кеңес мүшесі болып енгізілді. Кеңестің құрамынан Р.А.Аюпов, А.О.Амиралиев шығарылды.