Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы

2021 жылғы 4 ақпанда онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясында Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы мәселе қаралып, облыстық мәслихат шешімімен оның құрамы төмендегінше бекітілді:

 

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысының әкімі, кеңес төрағасы;
Қалқаманов Сәкен Амангелдінұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары;
Жүнісов Дамир Дәулетұлы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;
Исмаилов Сейдулла Кеңесбайұлы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы, кеңес хатшысы;
Кеңес мүшелері:
Абдалимова Гүлнара Фазуловна   жеке кәсіпкер  (келісім бойынша);
Абдрахманова Айнагүл Жайнағанқызы Қарағанды облысы Теміртау қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, Президенттік жастар кадрлық резервінінің резервшісі (келісім бойынша);
Абуов Әміреқұл Ергешұлы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры (келісім бойынша);
Алипова Ақерке Бахтиярқызы жеке кәсіпкер  (келісім бойынша);
Әбдіқұлов Серік Әбдіқұлұлы Түркістан қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша);
Әбдіразақова Нұргүл Пердебайқызы Мақтаарал аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, облыстық мәслихат депутаты (келісім бойынша);
Дәрібаев Қайрат Бақытұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігі жастар секторының жетекшісі (келісім бойынша);
Есіркеп Айдана Серікқызы «NGL» еріктілер тобының төрайымы (келісім бойынша);
Жаманқұлов Ерболсын Серікұлы «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамы жастар комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
Жұман Жансерік Бауыржанұлы «NUR OTAN» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша);
Жүсіпбаев Нұрсұлтан Үмбетұлы жеке кәсіпкер, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, (келісім бойынша);
Өміртай Амалбек Даркенұлы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты, (келісім бойынша);
Салықбаев Абзал Мырзаханұлы «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша).

Сондай-ақ, осы шешіммен Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі  №42/452-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды.