Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің 14.03.2022ж.  екінші отырысында бекітілген                                                    № 1 қосымша.

Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже (әрі қарай — Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 1 тармағының 7-1) тармақшасына  (әрі қарай — Заң) және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің                2021 жылғы 26 ақпандағы  № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес  әзірленді.
  3. Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі (әрі қарай – Қоғамдық кеңес) – консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады.
  4. Мемлекеттік органдардың жанынан осы Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
  5. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Үлгілік ережені, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
  6. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері
  7. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
    6.  Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары
  2. Қоғамдық кеңес өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) тәуелсіздік;

2) қоғамдық негіздегі қызметі;

3) автономдық;

4) дербестік;

5) жариялылық;

6) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

  1. 4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері
  2. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау;

3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

8) қоғамдық бақылауды, тыңдауды, сараптама жүргізуді осы Заңда көзделген реттерде жүзеге асыру;

9) мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талқылау;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады;

11) мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының есептерін тыңдау;

12) құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.

  1. Қоғамдық кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
  2. Қоғамдық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға кіруге;

2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты, Қоғамдық кеңесте қаралуға жататын нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

4) мемлекеттік органнан, жергілікті мемлекеттік басқару органынан, квазимемлекеттік сектор субьектісінен Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын құжатты алуға;

5) тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін Қоғамдық кеңестің отырысына шақыруға;

6) қажеттілігіне қарай тұрақты және (немесе) уақытша  жұмыс органдарын комитеттер мен сараптама топтарын құруға құқығы бар. Тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады;

7) ерекше тәртіп қолданыла отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға;

8) тиісті квазимемлекеттік сектор субьектісінің сатып алу жөніндегі теңдерлік комиссияларына (аукциондық комиссияларына) қатысуға құқығы бар.

  1. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

3) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру тәртібі
  2. Қоғамдық кеңес Заңда белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
  3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.
  4. Жұмыс тобының сандық құрамын Түркістан облыстық мәслихат хатшысы жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізгенге дейін айқындайды.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы өз бетінше айқындайды.

Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

  1. Түркістан облыстық мәслихаты мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекен жайларын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
  2. Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
  3. Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
  4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекен жайына жібереді:
  • осы Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
  • кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
  • кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Түркістан облыстық мәслихаты жұмыс тобына кандидаттардың тізімін қалыптастырады.
  2. Кандидаттар тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
  3. Үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

Түркістан облыстық мәслихаты құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастыруды жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландырумен байқаушы тізімін қалыптастыруды бір мезгілде жүргізеді.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті Түркістан облыстық мәслихатына береді не электрондық поштасына жібереді.

  1. Түркістан облыстық мәслихаты жұмыс тобы отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарды, байқаушыларды отырысты өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
  2. Түркістан облыстық мәслихаты жұмыс тобының отырысын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
  3. Жұмыс тобының бірінші отырысын Түркістан облыстық мәслихат хатшысы жүргізеді.

Жұмыс тобының келесі отырыстарын жұмыс тобының басшысы өткізеді.

  1. Жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысушы азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, азамат өзінің кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.

25.Жұмыс тобының құрамын Түркістан облыстық мәслихат хатшысы бекітеді.

  1. Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысы сайланады.
  2. Жұмыс тобының шешімі отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Түркістан облыстық мәслихатының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
  3. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы қол қояды.
  4. 2 Жұмыс тобы келесіні жүзеге асырады:

1) халықты Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) бірінші отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын      Заңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып айқындайды;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;

4) Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;

5) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.

  1. 3 Жұмыс тобының отырысы оған жұмыс тобының басшысын есепке ала отырып, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
  2. 3 Жұмыс тобының және оның жетекшісінің өкілеттіктері Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіткеннен кейін тоқтатылады.
  3. 3 Жұмыс тобы Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан қалыптастырады.
  4. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.
  5. 34. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады.
  6. 35. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырады.
  7. 36. Хабарландыруда:

1) жергілікті өкілді органның  атауы,

2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;

3) мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.

  1. 37. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді немесе Түркістан облыстық мәслихатының электрондық мекенжайына жібереді.
  2. 38. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізеді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысына шешуші дауыс құқығы беріледі.
  3. 39. Қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған мүшелері Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін береді.
  4. 40. Жұмыс тобының мүшелері ұсынылған құжаттардың негізінде Жұмыс тобы белгілеген нысан бойынша Кандидаттарды бағалау парағын толтырады.
  5. 41. Жұмыс тобының мүшелері талқылау қорытындылары бойынша кандидаттарды бағалаудың жиынтық балдарын ескере отырып, Қоғамдық кеңестің құрамын ашық дауыс беру арқылы қалыптастырады.
  6. 42. Қоғамдық кеңесте мемлекеттік органнан, жергілікті өкілді органнан өкілдік етуді Түркістан облыстық мәслихат хатшысы конкурс өткізбей бекітеді.
  7. 43. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын Түркістан облыстық мәслихаты бекітеді және Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
  8. 44. Мемлекеттік органнан өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қоғамдық кеңестің өкілеттіктерін тоқтатқан мүшесінің орнына жаңа мүшесін қосу туралы шешімді Түркістан облыстық мәслихат хатшысы қабылдайды.
  9. 45. Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімі кейіннен Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерін алмастыру мақсатында жұмыс тобының шешімімен қалыптастырылады.
  10. 46. Резервтік тізімдегі кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан және Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінде басқа кандидаттар болмаған жағдайларда, Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
  11. 47. Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырады.
  12. 48. Хабарландыруда:

1) жергілікті өкілді органның атауы;

2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;

3) мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.

  1. 49. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, пошта немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар береді.
  2. 50. Қоғамдық кеңес құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды өткізеді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі.
  3. 51. Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері өкілеттіктерін тоқтатқан Қоғамдық кеңес мүшелері өкілеттіктерінің қалған мерзіміне сайланады.
  4. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
  5. Қоғамдық кеңестің төрағасы – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
  6. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
  7. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
  8. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.

Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

Қоғамдық кеңестің төрағасы – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан сайланады.

  1. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
  2. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.

Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.

  1. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
  2. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның
    төралқасының өкілеттіктері
  3. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
  4.   Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, мемлекеттік органның өкілі, комиссияларының төрағалары, Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кіреді.
  5. Төралқаның отырысына  Қоғамдық кеңестің мүшесіне жатпайтын  Түркістан облысы мәслихатының депутаттары қатыса алады.
  6.   Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

4) Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын орындау бойынша мониторинг жүргізеді.

  1. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері
  2. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) отырыстарда төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5)  жергілікті мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

  1. 64. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2)  Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

3) Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.

  1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу
  2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын қоғамдық кеңеске талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді.
  3. Қоғамдық кеңестің мүшелері екі жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарап, Қоғамдық кеңестің хатшысына нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын қараусыз қалдыру жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлайды.
  4. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің келіп түскен ұсыныстарын түпкілікті шешім қабылдау үшін Қоғамдық кеңес төрағасының қарауына енгізеді.
  5. Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе қараусыз қалдыру жөніндегі шешімі Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  6. Дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, Қоғамдық кеңестің хатшысы қаралатын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынымдарының жобасын дайындайды және Қоғамдық кеңестің төрағасына қол қоюға енгізеді.
  7. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауға ұсынған орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдарға қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық пошта арқылы жібереді.
  8. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
  • Өз құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға немесе жергілікті өкілді органға өтініш жіберу туралы.
  • Осы өтінішті Қоғамдық кеңестің отырысында қарау туралы.
  • Келіп түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандарының бірін өткізу туралы.
  1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар беру үшін белгіленетін мерзім Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезінен бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
  2. Ұсынымдар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады.
  3. Нормативтік-құқықтық актілер қарау барысында ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
  4. Жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік-құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
  5. Жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда Қоғамдық кеңеске он жұмыс күні ішінде келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
  6. Қоғамдық кеңестің жұмыс органдарын ұйымдастыру
  7. Қоғамдық кеңес тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттерді, сараптама топтарын құрады.
  8. Қоғамдық кеңес тұрақты жұмыс органдары – комитеттерді құрады. Комитеттердің сандық құрамын Қоғамдық кеңес дербес айқындайды, бұл ретте кемінде үш адамды құрайды.
  9. Комитеттер Қоғамдық кеңестің шешімімен Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық маңызы бар мәселелерін зерделеу үшін құрылады.
  10. Комитеттердің құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады, оны Қоғамдық кеңестің өзі айқындайды және оның отырысында бекітіледі.
  11. Комитеттердің өкілеттігі Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша тоқтатылады.
  12. Қоғамдық кеңестер уақытша жұмыс органдарын – сараптама топтарын құрады. Сараптама топтары Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты мәселелерін зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылады.
  13. Сараптама топтарының құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастрылады.
  14. Қоғамдық кеңестің сараптама топтары:

1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қарау қорытындылары бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады және оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;

2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды Қоғамдық кеңес комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.

  1. Нақты мәселе жөніндегі материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша сараптама тобы қорытынды жасайды және оның бағытына сәйкес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясына қарауға жібереді.
  2. Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.
  3. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
  4. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Заңмен және осы Ережемен айқындалады.
  5. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:

1)  қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

2)  қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

3)  қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

  1. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында Қоғамдық кеңеспен немесе Қоғамдық кеңес комиссияларымен хаттама жүргізіледі, онда:

1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3)  қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

5) Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес немесе Қоғамдық кеңес комиссияларымен қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.

6) Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің немесе Қоғамдық кеңес комиссияларының қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

  1. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату
  2. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
  3. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не мынадай негіздер бойынша:

1) ол қайтыс болған жағдайда;

2) сот хабарсыз кетті деп танығанда;

3) сот қайтыс болды деп жариялағанда;

4) сот Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;

5) Қоғамдық кеңестің отырыстарына дәлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;

6) Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамнан сайланған мүшесі мемлекеттік қызметке кіргенде;

7) Қоғамдық кеңеске өкілі сайланған коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда;

8) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер басталған жағдайда, Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

 

Түркістан облыстық Қоғамдық

кеңесінің төрағасы                                                           Б.Жылқышиев

 

Түркістан облыстық Қоғамдық

           кеңесінің хатшысы                                                            Ұ.Әзімова 

 

 

 

  Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі туралы
Ережеге
1-қосымша
  Нысан
  Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

                                                          Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы                             2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

5) ________________________________________________________

6) ________________________________________________________

7) ________________________________________________________

20___ жылғы «____»             Өтініш берушінің қолы ___________

 

 

 

 

 

 

 

   

Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі туралы
Ережеге
2-қосымша

Нысан

  Кімге ______________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда), жеке
куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

5) ________________________________________________________

6) ________________________________________________________

7) ________________________________________________________

20___ жылғы «____»             Өтініш берушінің қолы ___________