Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі

2021 жылғы 10 желтоқсанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тындалып, назарға алынып, қоғамдық денсаулық басқармасының жұмысы атап өтілді. Аталған мәселені қарау нәтижесінде шешім қабалданып, ол жерде Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын өңірде іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау; облыс тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау;  профилактикалық медицина шараларымен қамтылған тұрғындар санын арттыру;  салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындардың үлесін арттыру, бұқаралық спортты дамыту бойынша шаралар қабылдау; денсаулық сақтау саласындағы өңірлік саясатты жетілдіру бойынша шаралар қабылдау жөнінен ұсыныстар берілді.