Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі

2022 жылғы 6 мамырда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша басқарма басшысы Ә.Темірбаева баяндама жасады.

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі назарға алынды.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды атқару аясындағы жұмысы атап өтілді.

Қала және аудан әкімдеріне, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына:

жұмыссыздық деңгейін 5,2%-ға, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 4,5%-ға асырмау бойынша жұмыстар жүргізу;

жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізу;

қосымша инвестициялар тарту немесе шағын орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз ету;

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында жергілікті бюжеттен кәсіптік оқытуға қаржы бөлінуін қамтамасыз ету;

NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту шараларына жолдау;

әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2022 жылға жоспарланған нысаналы индикаторлардың көрсеткіштерін орындау жөнінде шаралар қабылдау;

атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде заңнама нормаларының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу;

облыстық «Қамқорлық» бағдарламасын цифрландыру мәселесін пысықтау;

мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламалары жыл соңына дейін 85 %-ға орындау ұсынылды.