Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы

2021 жылғы 10 желтоқсанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы мәселе қаралды.

Өңірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы тапсырмасын орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас  бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына  сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы және 2021 жылғы 27 сәуірдегі қорытындыларының негізінде әзірленді.

Мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында «Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданып, 

Жетісай ауданы бойынша:

          Атамекен ауылдық округінің «40 лет Победы» ауылы «Баянды» ауылы;

          Қазыбек би ауылдық округінің «Карл Маркс» ауылы «Таубай ата» ауылы;

          Қызылқұм ауылдық округінің «Первомайское» ауылы «Алтынкөл» ауылы;

          Қызылқұм ауылдық округінің «Киров» ауылы «Ақбұлақ» ауылы;

          Мақталы ауылдық округінің «Чехов» ауылы «Жетісу» ауылы;

          Келес ауданы бойынша:

          Ақтөбе ауылдық округінің  «М.Горький»  ауылы «Кеңдала»  ауылы;

          Ақтөбе ауылдық округінің «Қызыләскер» ауылы «Лесбек батыр» ауылы;

          Ошақты ауылдық округінің «Орджиникидзе» ауылы «Сәмбет Саттаров» ауылы;

          Біртілек ауылдық округінің «Димитрово» ауылы «Ораз ата» ауылы;

          Біртілек ауылдық округінің «Әзербайжан» ауылы «Көлтоған» ауылы;

          Алпамыс батыр ауылдық округінің «Ленинжолы» ауылы «Ақжол» ауылы;

          Қошқарата ауылдық округінің «Первое мая» ауылы «1 Мамыр» ауылы;

Бірлік ауылдық округінің «Коммунизм» ауылы «Ащысай» ауылы болып қайта аталатын болды.

Аталған бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолданды.