Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпанда онлайн режимде өткен кезектен тыс екінші сессиясында «Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» мәселесі қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша шешім бірауыздан қабылданды. Жалпы, аталған Қағидалар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды, сонымен қатар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық), сондай-ақ олардың иелері анықталғанша уақытша оқшаулауда ұстау орнына тасымалдауға қойылған талаптарды белгілейді.