Түркістан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу туралы

2022 жылғы 6 мамырда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында Түркістан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу туралы мәселе қаралып, Түркістан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныс осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихат шешімінің 1, 2 қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілді.

1 қосымша

Түркістан облысында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері

 

Қалалар мен аудандардың атауы Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, га соның ішінде
егістік соның ішінде суармалы шабындық жайылым
1 Бәйдібек 1265 500 15 85 680
2 Қазығұрт 280 125 15 80 75
3 Мақтаарал 75 75 75 0 0
4 Жетісай 80 80 80 0 0
5 Ордабасы 175 130 20 0 45
6 Отырар 1502 300 300 2 1200
7 Сайрам 130 80 10 0 50
8 Сауран 760 60 10 200 500
9 Сарыағаш 280 70 15 0 210
10 Келес 305 70 15 0 235
11 Созақ 9621 20 10 15 9586
12 Төлеби 150 85 15 0 65
13 Түлкібас 141 80 10 1 60
14 Шардара 400 100 100 0 300
15 Кентау қ. 230 20 10 10 200
16 Түркістан қ. 0 0 0 0 0
17 Арыс қ. 2000 400 75 0 1600

2 қосымша

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері

 

Қалалар мен аудандардың атауы Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, га соның ішінде
егістік соның ішінде суармалы шабындық жайылым
1 Бәйдібек 6305 2500 30 420 3385
2 Қазығұрт 1430 680 30 390 360
3 Мақтаарал 400 400 400 0 0
4 Жетісай 435 435 435 0 0
5 Ордабасы 1055 845 105 0 210
6 Отырар 5310 450 450 10 4850
7 Сайрам 325 205 25 0 120
8 Сауран 900 100 50 300 500
9 Сарыағаш 1381 350 30 1 1030
10 Келес 1340 80 20 0 1260
11 Созақ 41366 30 15 85 41251
12 Төлеби 551 425 30 1 125
13 Түлкібас 370 235 30 5 130
14 Шардара 2501 500 500 1 2000
15 Кентау қ. 570 50 40 20 500
16 Түркістан қ. 0 0 0 0 0
17 Арыс қ. 6000 1000 300 0 5000