Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылды

Күні кеше Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылды. Жаңа Сауран ауданының әкімшілік орталығы болып Шорнақ ауылы белгіленді.

Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өтеді.

Осыған орай, бүгін, Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында жаңа ауданның құрылуына орай салтанатты шара өтті.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев салтанатты жиынға қатысып, тұрғындарды тарихи оқиғамен құттықтай отырып, жаңа ауданның әлеуетін арттыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Алдағы уақытта, Жаңа ауданның құрылуына байланысты атқарылатын барлық іс-шаралардың жүзеге асуымен арнайы комиссия айналысатын болады. 

Жаңадан құрылған аудан халқының саны 100 мыңнан асатын болады. Кентау қаласына қарасты 12 ауылдық округтің жалпы көлемі 650 мың гектарды құрайды.

Өз кезегінде, жаңа ауданның құрылуы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық өсуіне елеулі үлес қоспақ.