Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидаларын бекіту туралы

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурызда өткен кезекті үшінші сессиясында «Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидаларын бекіту туралы» мәселесі қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша шешім бірауыздан қабылданды. Жалпы, аталған Қағидаларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.

Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.