Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиевтің облыс тұрғындарын жеке қабылдауы

2021 жылғы 17 ақпан күні облыстық мәслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы облыс тұрғындарының мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарына тиісті жауап берді.

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданының тұрғыны «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оңласын Назаров Мақтаарал ауданындағы Мырзатөбе ауылында орналасқан М.Өтемісұлы атындағы мектеп ғимаратын жөндеуге, сонымен қатар, Ынталы елді мекенінде мәдениет үйі мен спорт кешенін салуға қаржы бөлуге ықпал ету туралы өз өтінішін білдірді.

  Қабылдау барысында мәслихат хатшысы Қ.Балабиев түсіндіру жүргізіп, мәселенің шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді.