Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 12 тамыздағы №1-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 19 тамыз күні сағат 10:30-да жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы  қашықтық режимінде шақырылсын. 

 

 Облыстық мәслихат

хатшысы                                                               Қ. Балабиев

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының 2021 жылғы  19 тамызда сағат 10:30-да онлайн-форматта өтетіндігін жеткіземін.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекараларын өзгерту туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                               Қ. Балабиев