Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 13 маусымдағы №3-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезектен тыс  он алтыншы сессиясын шақыру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                            және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2022 жылғы                                 23 маусымда сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы шақырылсын.

 

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев

 

 

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясының 2022 жылғы                    23 маусымда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық           (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу  23 маусымда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев