Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 5 наурыздағы № 1-Ш шешімі

Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының

2022 жылғы 5 наурыздағы 1-Ш шешімі

 

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті  он төртінші сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару   және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы     23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2022 жылғы  14 наурызында сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы шақырылсын.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысы    

Қ. Балабиев

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының 2022 жылғы                    14 наурызында сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық        (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу 14 наурызында сағат 09:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы;
  2. Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру,  депутаттардың  сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
  4. Түркістан облысы әкімінің халықпен  кездесулерін  өткізудің       2022 жылға арналған кестесі туралы;
  5. Түркістан облыстық Қоғамдық  кеңесінің   құрамын  бекіту туралы;
  6. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Т.Сапарбековке тәртіптік жаза қолдану туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/441-VI «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/481-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  12. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізуді.
  13. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;
  14. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

15.Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/447-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 

  1. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан   облыстық   мәслихатының   2016   жылғы       29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

Облыстық мәслихат хатшысы   

Қ. Балабиев