Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 24 қарашадағы №7-Ш шешімі

 

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті он үшінші сессиясын шақыру туралы

 

 

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы шақырылсын. 

 

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев

 

 

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының 2021 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін,  мекен-жайы:  Түркістан   қаласы,   Жаңа  қала  шағын  ауданы, 32 көшесі  (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен   шақырылғандарды  тіркеу  10  желтоқсанда  сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.       

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы     №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
  3. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  4. Өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының есебі;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты   комиссияларының   2021 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған шығыстар сметасы туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті  он үшінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев