Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 6-Ш шешімі

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 9 қарашада сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс  он екінші сессиясы шақырылсын. 

 

 

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Балабиев

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясының 2021 жылғы 9 қарашада сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін,  мекен-жайы:  Түркістан   қаласы,   Жаңа  қала  шағын  ауданы, 32 көшесі (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 9 қарашада  сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.        

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан облысы мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/453-VІ  «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен (ақпараттық саясат) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы          №2/16-VII «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев