Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №4-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті он бірінші сессиясын шақыру туралы

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 30 қыркүйекте сағат 10:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы шақырылсын.

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев

 

 

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясының 2021 жылғы 30 қыркүйекте сағат 10:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық          (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 30 қыркүйекте  сағат            09:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
  2. Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі;
  3. Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  2. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы    №33/358-VІ «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті  он бірінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев